"AMANAT" ПАРТИЯСЫ ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНА ҚАРАСТЫ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ 2024 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Сыздық Болат Мүбаракұлының төрағалығымен өткізілген жиынға аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Баймұратова Жібек Орынбайқызы, аудандық партия филиалының қызметкерлері және БПҰ төрағалары мен хатшылары қатысты. «AMANAT» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының жұмысына аса көңіл бөлініп келеді, келесі 2025 жыл «Бастауыш партия ұйымы» жылы болып бекітілді. Бұл дегеніміз алдағы уақытта бастауыш партия ұйымының жұмысына бұрынғыдан да қатты көңіл бөлініп, жан-жақты мониторинг жүргізіледі деген сөз, яғни жауапкершілік артады»,-деді Болат Сыздық. Жиында білім, денсаулық және өндіріс салаларының жылдық есептері тыңдалды. «Иіркөл» БПҰ төрайымы Айнұр Архабаева, «Семізбай U» БПҰ төрағасы Көркем Мырзабаев, «Аудандық аурухана» БПҰ хатшысы Назгүл Райымқұлова және «Жуантөбе» БПҰ төрағасы Үсенхан Ахметов жыл бойы атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды және слайдтың көмегімен ақпараттар берілді.
Жиын барысында хабарламашыларға төраға тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті тапсырмалар берілді. Келесі кезекте аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Орынбайқызына сөз беріліп, БПҰ жұмыстарына жасалған мониторинг, әлеуметтік желіде белсенділігі, уақытылы жарнапұлды аудару, БПҰ кабинеттерінің жай-күйі, партия қатарына адамдарды тарту, қоғамдық қабылдау жөнінде және БПҰ жұмыстарына қатысты құжаттарды заңдылықтарға сәйкес реттеу керектігін айтып өтті. Модераторлық етуші Болат Мүбаракұлы барлық БПҰ төрағаларына жұмысты жүйелі атқару туралы тиісті міндеттер жүктеді. Жиын нәтижесінде жыл бойы БПҰ жұмысын белсенді жүргізген, барлық көрсеткіштер бойынша жоғары нәтиже көрсеткен БПҰ төрағаларын алда келе жатқан Жаңа жылдарымен құттықтай отырып, бірқатар БПҰ-на әртүрлі номинациялармен марапаттап, естелік сыйлықтар табысталды.
Номинациялар төмендегідей:
1. «ЖЫЛ ҮЗДІГІ - 2024» номинациясымен «Иіркөл» БПҰ төрайымы Архабаева Айнұр Перденқызы марапатталды;
2. «ІЗДЕНІМПАЗ БПҰ - 2024» номинациясымен «ПМПК» БПҰ төрайымы Тымбаулиева Гүлнар Ибрашқызы марапатталды;
3. «КРЕАТИВ БПҰ - 2024» номинациясымен «Атамекен» БПҰ төрайымы Шалекеева Нұргүл Тәңірбергенқызы марапатталды;
4. «ЕҢБЕКҚОР БПҰ - 2024» номинациясымен «Ақтоған» БПҰ төрайымы Бакирова Мадина Асанбекқызы марапатталды;
5. «БЕЛСЕНДІ БПҰ - 2024» номинациясымен «Жуантөбе» БПҰ төрағасы Ахметов Үсенхан Қауысұлы марапатталды;
6. «БЕЛСЕНДІ БПҰ ТӨРАҒАСЫ - 2024» номинациясымен «Сұлутөбе» БПҰ төрағасы Сейтжапбаров Достияр Абсаттарұлы марапатталды;
7. «ІСКЕР БПҰ - 2024» номинациясымен «РУ-6» БПҰ төрағасы Қайырбекұлы Алмаз марапатталды.
Жиын соңында «Ақтоған» БПҰ төрайымы Мадина Асанханқызы партия мүшелері мен БПҰ жұмысын жоғары бағалағап қолдау білдергені үшін аудандық партия филиалына ризашылығын білдіріп, ақ-жарма тілегін жеткізді.