Ақтөбе облысында 156 кенші жалақысын ала алмай жүрген
Ақтөбе облысы Хромтау аудандық прокуратурасы «Оңтүстік шахта құрылыс» ЖШС-нің 156 жұмысшысының жалақысын бермеу фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ақтөбе облысы Хромтау ауданының прокуратурасы «Оңтүстік шахта құрылыс» ЖШС-нің 156 жұмысшысының 165 миллион теңгеден астам жалақысын бермеу фактісін анықтады», делінген хабарламада.
Прокуратураның үйлестіруімен құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдар басшыларының қатысуымен кеңес өткізілген Бұл жиынға «ҚазХром» ТҰК» АҚ басшылығы мен ЖШС-тің құрылтайшысы да шақырылғаны хабарланды.
«Қабылданған шаралармен жалақы қарызы толығымен өтелді. Басқа жағдайда, Шалқар аудандық прокуратурасымен «Ұлы Борсық» КМК-нің 519 қызметкерге 48 млн теңгеден астам жалақы қарызы анықталып, прокурорлық ықпал ету актісімен өтелді», делінген хабарламада.
Осылайша, аталған кәсіпорындардағы 213 млн теңге болатын жалақы қарыздары өтеліп, жұмысшылардың құқықтары қалпына келтірілген.