Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шиелі ауданы бойынша білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың және балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау бағытында №148 мектебінің оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге №148 мектебінің директоры, "Гигант" бастауыш партия ұйымының төрағасы Айжан Қарекеева, "AMANAT" партиясы Шиелі аудандық филиалының консультанты Нұрсұлтан Сапарбаев, Жастар ресурстық орталығының директоры Ержан Әбдешов қатысты.
Түсіндірме жұмыстарының мақсаты: құқық қорғау органдарының өкілдері мен мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар комитетінің төрағалары, әкелер кеңесі өкілдерінің қатысуымен мобильді топ құрып, әрбір білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық шараларын ұйымдастыру, балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау бағытында әдістемелік көмек беру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Кездесудің соңында оқушылар сұрақтарын қойып, өз ойларын білдірді.
18 сәуір 2025 ж. 217 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30