НҰРМАХАН ЕЛТАЙДЫҢ «ӘР КӘЛЛӘДА БІР ҚИЯЛ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Іс-шара барысында облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Артур Қамбаров жазушының шығармашылық жолы туралы баяндама жасап, облыс әкімінің алғыс хатын табыстады. Бұл марапат қаламгердің әдебиет пен журналистика саласындағы еңбегін жоғары бағалаудың белгісі болды.
Тұсаукесер рәсіміне әдебиет пен журналистика саласының өкілдері, автордың шығармашыл достары қатысты. Іс-шара барысында автордың шығармашылық жолы мен сатиралық туындыларының маңыздылығы атап өтілді. «Әр кәлләда бір қиял» кітабы – Нұрмахан Елтайдың өмірлік тәжірибесі мен шығармашылық ізденістерінің нәтижесі. Бұл туындыда автор қоғамдағы түрлі құбылыстар мен адамдардың мінез-құлқын сатиралық тұрғыда бейнелеп, оқырманды ойландырады әрі күлдіреді.
Шараға қатысушылар ақжарма тілектерін айтып тарқасты.