Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақ басшысының Алғыс хатын табыстады

Аймақ басшысының Алғыс хатын табыстады


Бүгін облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов «Сыр медиа» ЖШС қызметкерлерімен кездесті. Бірінші кезекте ол облыстық «Сыр бойы» қоғамдық-саяси газетінің ұжымын құттықтап, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Алғыс хатын табыстады.

– Ең алдымен газет ұжымын «Үздік өңірлік БАҚ» номинациясын жеңіп алуымен құттықтаймын. Бұл Қызылорда облысының 85 жылдық мерейтойына тамаша тарту болды. Аймақтың ата басылымы өз биігін тағы бір рет байқатты. Бұл жеңіс – «Сыр бойы» газеті ұжымының қажырлы еңбегінің жемісі және Сыр өңіріндегі барлық баспасөз өкілдерінің ортақ қуанышы, – деді А.Есмаханов.

«URKER» ұлттық сыйлығы Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі. Ол журналистиканың беделін арттыруға, талантты БАҚ қызметкерлері мен шығармашылық ұжымдарды анықтауға, сондай-ақ олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлесін тануға бағытталған.
27 қыркүйек 2023 ж. 559 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9401).

09 мамыр 2026 ж.

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031