Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Баянауыл прокуратурасы 1 мыңнан аса қызметкердің құқығын қорғады

Баянауыл прокуратурасы 1 мыңнан аса қызметкердің құқығын қорғады


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Баянауыл ауданының прокуратурасы Павлодар облысының еңбек басқармасымен бірлесіп, "Майкубен-Вест" ЖШС разрезінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды, деп хабарланды Бас прокуратураның сайтында.

Кездесу барысында кәсіпорынның 4 айдан астам уақыт бойы зейнетақы аударымдарын жүргізбегендігі анықталды. Қызметкерлер аталған жағдай олардың банктерден қарыз алу және тұтынушылық несиелерді рәсімдеу құқығын шектейтіндігін атап өтті.
"Мемлекеттік кірістер басқармасымен салыстырулар жүргізу барысында кәсіпорынның 1 мыңнан астам қызметкеріне міндетті зейнетақы төлемдері мен әлеуметтік міндеттемелер бойынша берешектерінің бар екендігі расталды. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша аудан прокуратурасы Баянауыл ауданы бойынша кірістер басқармасының басшысына ұсыну енгізді.Оның қаралу нәтижелері бойынша 114,5 млн теңге мөлшеріндегі берешек толық көлемде өтелді, ал кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген таратылған ақпаратта. 
04 шілде 2019 ж. 1 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031