Таразда бюджет қаражатын жымқырған шенеунік 8 жылға сотталды
Мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді.
Тараз қаласының прокуратурасы қала көшелерін жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының жымқырлғанын анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы З. Тұрсынұлы және «АлматыМонтажСтрой» ЖШС директорының орынбасары Е. Шлеев қала көшелерін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде 34,2 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған.
Осы факті бойынша Тараз қаласының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (жымқыру) бойынша қылмыстық іс тіркеп, тергеп-тексеру облыстық прокуратурамен жүргізілді, - делінген хабарламада.Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді.
Тараз қалалық №2 сотының 05.02.2024 жылғы үкімімен З.Тұрсынұлы мен Е.Шлеев Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды, - делінген хабарламада.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
turkystan.kz
Фото:kurieronlain.ru