Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Таразда балабақша басшысы ірі көлемде ақша жымқырған

Таразда балабақша басшысы ірі көлемде ақша жымқырған


Фото: gov.kz

Таразда балабақша басшысы ірі көлемде ақша жымқырған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қалалық прокуратура «РозАль орталығы» жеке балабақшасы басшылығымен мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 13 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражатын алған.

Осы факті бойынша 2023 жылғы 25 қыркүйекте ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол Жамбыл облысының экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды. Қылмыс жасады деген күдікпен балабақша басшысы соттың санкциясымен қамауға алынды, – делінген прокуратура хабарламасында.
25 желтоқсан 2023 ж. 312 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930