Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 маусымнан бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы өседі

1 маусымнан бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы өседі

Маусым айынан бастап, балабақша мен мектепте жұмыс істейтін барлық қызметкерлердің жалақысы 10%-дан 30%-ға дейін өседі. Жалақы төлеу кезінде 3 нәрсе ескеріледі. Біріншіден мұғалімнің деңгейі, екіншіден еңбек өтілімі және біліктілік санаты. Аталған сала мамандарының жалақысын шілдеден бастап көтеруді Елбасы «Нұр отан» партиясының XVIII съезінде тапсырған болатын. Ал кейіннен президент Қ.Тоқаев жалақыны көтеруде шілдені күтпей-ақ, маусым айынан төлеу туралы тапсырманы жүктеді.
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджеттік, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға дейін көтерілетіндігін мәлімдеген еді. Аталған мақсатқа 2019-2021 жылы қосымша 980 млрд теңге бөлінетін болады. Сонымен қатар ол төмен жалақы алатын ауыл, аудан, облыстық деңгейдегі атқарушы орган қызметкерлерінің жалақысын 25 пайызға көтеруді тапсырған еді. Нәтижесінде 37 мың мемлекеттік қызметкер жоғары жалақы алады. Сонымен қатар 1 маусымнан бастап медицина мен мәдениет, ауылшаруашылығы мен әлеуметтік сала мамандарының жалақысы да 10%-дан 30%-ға өсетін болады.

«Өскен өңір» ақпарат.
01 маусым 2019 ж. 1 452 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9292)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (9291)

07 сәуір 2025 ж.

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930