Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Назарбаев 1 шілдеден бастап қазақстандықтардың жалақысын көбейтуді тапсырды

Назарбаев 1 шілдеден бастап қазақстандықтардың жалақысын көбейтуді тапсырды



Оның ішінде, аудандық деңгейдегі атқарушы орган қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейеді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1 шілдеден бастап бюджет саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын 30 пайызға көбейтуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Осы жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласының жалақысы төмен қызметкерлерінің айлығын 30 процентке көбейтуді тапсырамын. Сонымен қатар, облыстық, аудандық деңгейдегі атқарушы органдардың лауазымы төмен қызметкерлерінің жалақысын орташа есеппен 25 процентке өсіруді тапсырамын", - деді Назарбаев Астанада өтіп жатқан "Нұр Отан" партиясының сьезінде.
Мұғалімдердің жалақысы 300 мың болуы тиіс - жұмыс тобы
Президенттің айтуынша, бұл мақсатқа 2019-2021 жылдары қосымша 980 миллиард теңге бөлінеді.
"Үкімет барлық шығынды жіті қадағалауы тиіс, бөлініп жатқан қаражат адресатқа жетуі керек. Биыл республикалық бюджеттің барлық шығынының 45 проценті әлеуметтік салаға бағытталады", - деді Елбасы.
Айта кетсек, Астанада Қазақстан президентінің төрағалығымен "Нұр Отан" партиясының XVIII съезі болып жатыр.
sputniknews.kz
27 ақпан 2019 ж. 1 313 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031