Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиелі: Жайдарманшылар жарады

Шиелі: Жайдарманшылар жарады

Шежірелі өлкедегі салтанат сарайында Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жайдарман лигасының финалдық сайысы өтті. Жайдарман ойындарының деңгей жылдан жылға дамып келеді. Шараның мақсаты – жастар арасында мәдени құндылықтарды насихаттап, тапқырлық пен ой ұшқырлығын дамтыу. Ұтымды ой, қағытпа қалжың, көтеріңкі көңіл. Сахнаға барлығы 4 команда қатысып, көрермендері күлкіге қарық қылды. Олар: жартылай финалдан іріктеліп оза шапқан «Біз Халықпен Біргеміз», «47-Қырандары», «Фристайл» және «Жиза» командасы.
–Жайдарман ойыны биыл өте сәтті және жоғары деңгейде өтті деп айта аламын. Оқушылардың барлығы да дарынды. Ендігі жылы олар бұдан да шабыттанып, керемет ойын өрнегін көрсетеді деп ойлаймын. Жайдарман жасай берсін. Командалар көбейе берсін. Қазақ тілін дамытайық. Негізі жайдарман ойындары қазақ тілінің дамуына, жастардың дамуына үлес қосатын, бірден-бір себепкер ғой. Сол себепті осы орайда барша командаларға сәттілік тілеймін, – деді ойынды жүргізуші Рамазан Әріпжан.
Тартысқа толы ойындардың нәтижесінде №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейінің «Біз Халықпен Біргеміз» командасы чемпион атанды. Ал екінші орынды «47 қырандары» құрамасы иеленсе, үшінші орын №214 орта мектептің «Фристайл» құрамасы жеңіп алды. «Үздік ойыншы» аталымына Жансерік Сейтомаров, ал «Көрермен көзайымы» номинацияға №127 Ш.Уәлиханов мектеп-лицейден келген «Жиза» командасы лайық деп танылды.
Балнұр Тынысбек, «Біз Халықпен Біргеміз» командасының капитаны:
– Жалпы, бүгінгі ойын өте жоғары деңгейде өтті. Өзімізге қатты ұнады. Негізі осы финалдық ойынға 1 айдай дайындалдық. Оңай болған жоқ. Кубокты, жеңісті алып, үмітті ақтағанымызға өте қуаныштымыз. Бізді қолдаған көрермендерге алғысымызды білдіреміз.
Сонымен қатар сайыс жеңімпаздарына аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев кубок пен қаржылай сыйлық табыстады. Ойын соңында жайдарманшылар естелік суретке түсіп, тамаша көңіл-күймен тарқасты.

Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ
13 желтоқсан 2024 ж. 134 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (9263)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (9262)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031