Димаштың польшалық жанкүйерлері «Поляк-қазақ тілашарын» шығарды

Сөздікті әзірлеуге: қазақ тілі оқытушысы – Беглан Шарымбаев; иллюстратор – Ивона Опара-Стахолец; корректор – Ула Влодарск; қазақ тілі курстарының авторы, сонымен қатар, жүргізушісі – Тереза Конкол қатысқан.
Тілашар Димаштың жанкүйерлерін қазақ тілінің негіздерімен таныстырып қана қоймай, әртүрлі иллюстрациялардың арқасында оқу процесін жеңілдетеді. Авторлардың пікірінше, шағын кітап саяхатшылар үшін Қазақстанның көркем жерлерімен танысуға пайдалы нұсқаулық болмақ. Сонымен қатар Димаштың жанкүйерлерін оның мәдениетін тереңірек зерттеуге шабыттандырады.
«Мен біздің бұл жұмысымызды мақтан тұтамын. Димаштың бұл поляк фан-клубы оның шығармашылығына қолдау көрсетіп қана қоймай, қазақ тілін кеңінен насихаттайтындығының тағы бір дәлелі», деді Тереза Конкол.