КҮЗГІ АҒАШ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛУДА

Сонымен қатар, арнайы 2 шақырым жерден жап қазылып аяқ су тартылуда. Ал, кентке Ақмая ауылдық округінен кіре берістегі аспалы көпір айналасынан да демеушілердің көмегімен арнайы 1,5 гектар жер лазермен тегістеліп, жері дайындалуда. Аталған аумаққа 700 түп ағаш егіледі деп күтілуде. Одан өзге, ипотекалық үйлер салынып жатқан үлкен жолдың бойынан 0,6 гектар жерге 500 түп тал егу жұмыстарына жер дайындалуда. Күзгі ағаш егу науқаны ай бойы үздіксіз жүргізіліп, ауданымызды жасыл-желекке айналдыру белсенді жүргізілмек.