Мемлекеттік басқару академиясында қосымша оқуға қабылдау басталды

Магистратура бойынша 1 жылдық екі бағдарлама қарастырылған: «Мемлекеттік басқару – Executive Master of Public Administration» және «Өңірлік даму – Master of Regional Development».
- «Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасына үміткерлердің басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі болуы қажет. «Өңірлік даму» білім беру бағдарламасына түсушілердің жалпы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы қажет. Осы жылы мемлекеттік қызметшілерге де модульдік бағдарламалар бойынша магистратураға оқуға түсуге мүмкіндік ұсынылды. Олар мемлекеттік органнан жолдаманы ұсынуы керек. Сонымен қатар мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі В1-ден төмен емес екенін растайтын QAZAQ RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ сертификаты болуы қажет, – деді осы тақырыпқа арналған брифингте академия ректоры Ерлан Әбіл.