Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Магистратура бойынша мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Магистратура бойынша мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Ғылым және жоғарғы білім министрлігі магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрлік мәліметінше, мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.
Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды. 
Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 15 196 адам қатысты.
Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2024 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі. 
24 тамыз 2024 ж. 348 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031