Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін грант иегерлерінің тізімі жарияланады

Бүгін грант иегерлерінің тізімі жарияланады

Мемлекеттік білім гранттарын беру жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы аяқталды.
Құрамына Министрліктің, мемлекеттік органдардың, білім беру саласындағы кәсіподақтардың, ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, БАҚ, Қазақстанның Азаматтық альянсының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіретін Комиссия үміткерлердің өтінімдерін қарайды.Бұдан кейін, бекітілген ережелерге сәйкес, ҰБТ-дан өту кезінде талапкерлер жинаған балдарға сәйкес конкурстық негізде гранттар берілетін болады, деп түсіндірді ведомствода.

"Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға арналған гранттар саны артты. Яғни, көп балалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларда грант алу мүмкіндігі жоғары. Сондай-ақ, ауыл жастары мен Қазақстан азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға квоталар қарастырылған", - деп хабарлады ғылым және жоғары білім министрлігі.   
Ағымдағы жылы білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 80 мыңға жуық өтінім берілген.
10 тамыз 2022 ж. 656 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30