Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде тағы бір ауыл алкогольден бас тартпақ

Елімізде тағы бір ауыл алкогольден бас тартпақ

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі Таушық ауылын «алкогольсіз ауылға» айналдыруды ұсынды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығының баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бүгінде Таушық ауылында 3 363 тұрғын тіркелген. Ауыл тұрғындарына 1 амбулатория, 2 жеке медицина орталығы қызмет көрсетеді. 3 балабақша 1-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерге мектепке дейінгі тәрбие беруде. Бүгінде балаларды балабақшамен қамту 100%-ды құрайды. Жалпы білім беретін Шахта мектебінде 2024-2025 оқу жылын 722 оқушы бастады.
Түпқараған ауданының әкімі Рахат Елтизаров жергілікті тұрғындармен кездесулерінің бірінің барысында ақсақалдарға Таушық ауылын «алкогольсіз ауылға» айналдыруды ұсынды.
– Ардақты ардагерлер! Сіздерге ішкі мәдениетті дамытып, көрші аудандарда жүргізіліп жатқан жақсы үрдіс бойынша Таушық ауылын «алкогольсіз ауыл» ретінде көпке үлгі етіп, алкогольді ішімдіктерден бас тартуға арналған жұмыстарды жүргізуге ұсыныс білдіремін, – деп атап өтті Рахат Елтизаров.
Осыған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха алкогольдік ішімдіктен толықтай бас тартқан ауылдардың санын жариялаған болатын. Оның мәліметтеріне сүйенсек, бұл Маңғыстау облысында ішімдіктен бас тартқан бірінші ауыл емес.
Фото: hron.ru
 
26 қазан 2024 ж. 84 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (9250)

29 қазан 2024 ж.

№85 (9249)

25 қазан 2024 ж.

№84 (9248)

22 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031