Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңғыстау облысында жоғалып кеткен 3 бала табылды

Маңғыстау облысында жоғалып кеткен 3 бала табылды

Маңғыстау облысында жоғалып кеткен 3 бала табылды
23 наурызда кешке қарай Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласында үш баланың жоғалғаны белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментіне 2024 жылы 23 наурызда сағат 20:30 шамасында Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында кәмелетке толмаған балалар көшеге ойнауға шығып, сол күйі үйлеріне оралмағаны туралы хабарлама келіп түскен.
Жоғалып кеткен балалар - 2012, 2014, 2018 жылы туған.
Іздестіру жұмыстарына өңірлік ТЖД-ның жеке құрамының 8 адамы және 3 бірлік техника жұмылдырылды. 24 наурызға қараған түні сағат 03-40-та жоғалған балалар көрші үйдің аумағында шаруашылық құрылыс нысанынан табылды. Медициналық көмек қажет болмады, - дейді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
24 наурыз 2024 ж. 342 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (9418)

09 шілде 2026 ж.

№50 (9417).

04 шілде 2026 ж.

№49 (9416)

30 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031