Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл елімізде 229 балабақша жөндеуден өтеді

Биыл елімізде 229 балабақша жөндеуден өтеді

Бүгінде елімізде 11 346 мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымы жұмыс істейді. Биыл 229 мемлекеттік балабақшаны жөндеуден өткізу жоспарланды, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл елімізде 229 балабақша жөндеуден өтедіМектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жөндеу жұмыстары балалардың білім алуы мен тәрбиесі үшін жағдайды жақсартуға бағытталады. Осылайша, өткен жылдың соңында 198 нысанды жаңғырту жұмыстары аяқталды. Олар күрделі және ағымдағы жөндеуден өтіп, компьютерлік техника жаңартылды.

«Біз балаларымыздың оқуы мен дамуы үшін барынша жағдай жасауға тырысамыз. Мектепке дейінгі ұйымдарды жөндеу – болашаққа салынған инвестиция, біз оны әр бала үшін жарқын әрі табысты етуге ұмтыламыз», деп атап өтті мектепке дейінгі тәрбие департаментінің директоры Манар Адамова. 

Сонымен қатар республикада балабақшалардың жаңа желілері ашылып, кеңейіп жатыр. Соңғы 3 жылда мектепке дейінгі ұйымдар желісі 801 нысанға ұлғайды. Соңғы 5 жылда балабақша кезегіндегілер екі есеге қысқарып, 2 мен 6 жас аралығындағы балалар 91 пайызға жеткен. Биыл бұл көрсеткішті 92,5 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
 
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті

28 мамыр 2024 ж. 156 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930