Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Балабақшаларды қоғамдық бағалау жүйесі енгізіледі

Балабақшаларды қоғамдық бағалау жүйесі енгізіледі

BAQ.KZ Биыл пилоттық режимде мектепке дейінгі ұйымдарды қоғамдық бағалау жүйесі енгізіледі. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов дәстүрлі Тамыз конференциясында мәлімдеді.
«Мектепке дейінгі ұйымдарды қоғамдық бағалау. Біз биылғы жылы пилоттық режимде мектепке дейінгі ұйымдардың рейтингін енгіземіз, қоғамдық бағалау нақты жағдайды көрсетеді. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын жақсарту жөнінде іс-шаралар қабылдаймыз», - деді білім және ғылым министрі.

Аймағамбетов мемлекет басшысы көрсетілетін қызметтер сапасына қатысты сын айтқанын, осыған орай мәселені жақсартудың қатаң шараларын қабылдау қажет екенін айтты.

«Әлеуметтік желілер мен БАҚ-тан көптеген бұзушылықтарды көріп отырмыз. Апта сайын қиналған балалармыз туралы өте жағымсыз жаңалықтарды оқимыз. Сондықтан осы мәселені жақсарту жөнінде қатаң шаралар қабылдайтын уақыт келді. Бізге аттестаттау жүйесіне біртіндеп оралуды, аккредиттеу жүйесін енгізуді ұсынады. Бірақ мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік мемлекеттік немесе жекеменшік ұйымдарда болсын мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту жөнінде шаралар қабылдайды», - деді ол.

Бұған дейін министр 6 жасар балаларды балабақшадан шығару мерзімі өзгеретінін айтты.
16 тамыз 2019 ж. 2 067 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930