Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНБЕК

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНБЕК


Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің директоры Бақытжан Сайлыбаев Елбасы Жолдауында айтылған міндеттерге тоқталды.
- Жолдауда Елбасы мектепке дейінгі білім берудің жол картасын әзірлеуді атап өтті. Жеке балабақшаларда білім сапасына назар аудару керек. Ең алдымен біліктілік талаптарын қайта жасау қажет деді.
Осы орайда, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің директоры ретінде өзім биылғы жылы сырттай білім беруде қысқартылған мерзімде балабақшада жұмыс істеп жүрген маман емес қызметкерлерді оқуға қабылдап, 1,5 жыл ішінде диплом беріп маман ретінде шығарып салуды мақсат етіп қойдым.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жақсы мәселені көтерді. Келесі жылы "Педагог мәртебесі туралы" заңды әзірлеп, қабылдау қажет деді. Педагогтардың мәртебесі қашанда жоғары болуы тиіс. Жалақы жүйесін қалпына келтіруді айтты. Елбасы айтқандай, мұғалімдерге артылатын жүктемені азайту керек. Қызметіне кірмейтін жұмыстарды жүктемеу қажеттігін тағы шегелеп айтты", - деді Б.Сайлыбаев.
Қызылорда облысы әкімдігінің ресми-интернет ресурсы.
14 қазан 2018 ж. 1 780 0