Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ҚЫЗЫЛ ТУ» ҰЖЫМШАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 95 ЖЫЛ, ЖАҚАЕВШЫЛАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 60 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ДҮБІРЛІ ТОЙ ӨТТІ

«ҚЫЗЫЛ ТУ» ҰЖЫМШАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 95 ЖЫЛ, ЖАҚАЕВШЫЛАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 60 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ДҮБІРЛІ ТОЙ ӨТТІ

Бүгін Шиелі ауданында бұрынғы «Қызыл Ту», қазіргі Ыбырай Жақаев ауылының 95 жылдық мерейтойы мен Жақаевшылар қозғалысының 60 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді. Салтанатты жиынға, аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов, аудандық мәслихат төрағасы Мұрат Тұрабаев, журналист, заңгер, Қазақстанның мәдениет қайраткері, ауданның «Құрметті азаматы» Ақайдар Ысымұлы, мемлекет қайраткері Алтыншаш Жағанова, жазушы, журналист, ауданның «Құрметті азаматы» Сәрсенбек Бекмұратұлы қатысты. Ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар ойнатылды және мерекелік концерттік қойылым қойылып, Шиелі ауданынан шыққан Социалистік Еңбек Ерлерін сомдаған кейіпкерлер ортаға шығып, Ыбырай Жақаев үндеуімен бастау алған Жақаевшылар қозғалысының құрылу тарихы көрсетілді. Мұнан соң, мерейтой аясында ұйымдастырылған «Үздік көше», «Үлгілі отбасы» байқауларының жеңіпаздары, еселі еңбегімен көзге түскен еңбеккерлер марапатталды. Сондай-ақ жыр мүшайрасы мен «Жақаев салған ізбенен» атты халықтық мәдени-үгіт бригадаларының облыстық фестивальінің жеңімпаздары марапатталды.

18 қазан 2024 ж. 127 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (9248)

22 қазан 2024 ж.

№83 (9247)

18 қазан 2024 ж.

№82 (9246)

15 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031