Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада жатақханадан өрт шықты

Астанада жатақханадан өрт шықты

Астанада жатақханадан өрт шықтыБүгін Байқоңыр ауданы Тараз көшесінде орналасқан жатақханалардың бірінде бөлмелер мен ғимараттың шатыры жанған, деп хабарлайды Egemen.kz. ТЖМ мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде шатыр мен 3 және 4-қабаттағы бөлмелер жанып жатқан.
ТЖМ күштері үш иінді баспалдақтың көмегімен 3-қабаттан 6 адамды құтқарған. Алдын ала мәліметтер бойынша жану өнімдерімен уланған 5 адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылған. Айта кетерлігі, ғимараттың жан жағындағы өтетін жолдарда автокөліктердің тұруы өртті сөндіру жұмыстарына кедергі келтірген. Өрт 850 шаршы метр алаңда сөндірілген. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
15 қазан 2024 ж. 301 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№47 (9414)

23 маусым 2026 ж.

№46 (9413).

20 маусым 2026 ж.

№45 (9412).

16 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930