Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Оралда жарылыс болып, үш адам қаза тапты

Оралда жарылыс болып, үш адам қаза тапты



Қайғылы оқиға 25 сәуірде сағат 21:00 шамасында Исатай-Махамбет көшесінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қалалық мәдениет және демалыс саябағы маңында орналасқан гаражда жарылыс болған. Оқиға орнынан үш адамның мәйіті табылған. Қазір онда полиция мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.
 
Өрт салдарынан Исатай-Махамбет көшесі бойындағы Абай даңғылынан Ихсанов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысын жабуға тура келді.
 
Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, 30 шаршы метр аумақтағы гараж жанған, ішінде «ВАЗ-2121» өртенген. Кейінірек өрт 42 шаршы метрлік жеке тұрғын үйдің шатырына жайылған. Өрт сөндірушілер гараждан үш мәйітті тауып, төрт оттегі баллонын шығарды.
 
Өрт 21:31-де ауыздықталып, 22:02-де толығымен сөндірілген. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр. Оқиға орнында Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 23 қызметкері мен 7 техника жұмыс істеді.

26 сәуір 2023 ж. 189 0

Қоғам

ҚАРА ӨЛЕҢГЕ ҚҰМАР ЕЛЕНА
01 мамыр 2024 ж. 130

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031