Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Семейде өрт бір адамның өмірін қиды

Семейде өрт бір адамның өмірін қиды

Семей қаласында жеке тұрғын үйде өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 8 сәуірде сағат 20:00 шамасында Деповская көшесіндегі жер үйде өрт шыққан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл жетті. «Қызыл жалын үй шатырының ағаш құрылымдарын, терезе мен есікті шарпыған. Тілсіз жаудың жалпы аумағы 100 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіру барысында құтқарушылар бөлме ішінен үй иесінің денесін тапты», - деп хабарлады ведомство өкілдері. Сонымен қатар жанып жатқан үйден сыйымдылығы 27 литрлік 1 газ баллоны сыртқа шығарылған. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына темекі шегу кезіндегі абайсыздық себеп болуы мүмкін.

24.kz
09 сәуір 2021 ж. 913 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930