Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас ғалым топырақтың құнарлылығын арттыратын тыңайтқыш ойлап тапты

Жас ғалым топырақтың құнарлылығын арттыратын тыңайтқыш ойлап тапты

Жас ғалым топырақтың құнарлылығын арттыратын тыңайтқыш ойлап тапты М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ғылыми қызметкері, PhD докторы Бақыт Смайлов өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу арқылы ауыл шаруашылығы саласында топырақ құнарлылығын арттыратын тыңайтқыш алу бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі. 
Жас ғалымның «Ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру үшін гуматқұрамдас тыңайтқыштарды алудың технологиясын жасап шығару жобасы» ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жас ғалымдардың 2022-2024 жылдарға арналған конкурсында жоғары бағаланып, грант ұтып алды. Жоба жақсы нәтиже көрсетіп, өңір шаруаларының қызығушылығын тудырған.
«Елімізде ауыл шарушылығы саласында топырақтың құнарлылығын арттыру өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан мен өз жобамда жинақталған қалдықтардың құрамындағы заттарды бөліп алып, қажеттілікке жаратуды қолға алдым. Ол үшін Түркістан облысының Төле би ауданындағы Ленгер көмір кен орнының қалдықтары зерттеліп, гуминқұрамдас қомпоненттердің нәтижесінде гуминқышқылдар алынды. Бұл органикалық қосылыстар органаминералды тыңайтқыштар үшін таптырмас шикізат көзі. Қазір зерттеу жұмыстары оң нәтиже беріп, ол өндіріске енгізілді. Оңтүстік өңірдің шаруаларымен бірлесіп, тыңайтқыш сынақ ретінде қолданылды. Нәтижесінде топырақ құнарлылығы жақсарып, өнімділік артты», деп атап өтті Бақыт Мәткерімұлы.
Қазіргі таңда жоба патенттеліп, авторлық құқық алынды. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығына қажетті тыңайтқышты өндіріске шығару жоспарланып отыр.
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз бөлімі
07 қазан 2024 ж. 75 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9246)

15 қазан 2024 ж.

№81 (9245)

12 қазан 2024 ж.

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031