Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның ұлттық жоғары оқу орны вирусолог мамандарды даярлайтын болады

Қазақстанның ұлттық жоғары оқу орны вирусолог мамандарды даярлайтын болады

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтымен (БҚПҒЗИ) бірлесе отырып, вирусолог мамандарды даярлайтын болады деп хабарлайды білім және ғылым министрлігінің ресми сайты. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша жоо осы бағытта магистранттар мен докторанттарды оқытады. Министр әлемдік пандемия эпидемиология және вирусология саласындағы мамандарды даярлау қажеттілігін айқындай түскендігін атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, дәл осы ҚР БҒМ БҚПҒЗИ-ның қызметкерлері отандық COVID-19 вакцинасын әзірлеген болатын. Ұлттық жоғары оқу орнының ректоры Ж. Түймебаев пен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ бас директоры К. Закарья тиісті келісімге қол қойды. Қазір ҚазҰУ ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп, вирусология саласында жаңа білім беру бағдарламасын әзірледі.https://kaz.nur.kz
04 қыркүйек 2021 ж. 531 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031