Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркі елдері ынтымақтастығына - 15 жыл

Түркі елдері ынтымақтастығына - 15 жыл

Түркі елдері ынтымақтастығына - 15 жылҚазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия Түркі елдерінің ынтымақтастығы күнін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, 15 жыл бұрын дәл осы күні Нахчыван қаласында Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы келісімге қол қойылып, кейін ол Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) болып өзгерген.
Министрлік мәліметінде: «Салыстырмалы түрде қысқа мерзімде ТМҰ өзін бейбітшілік пен тұрақты дамуды нығайтуға үлес қосуға ұмтылатын халықаралық қатынастардың толыққанды және беделді субъектісі ретінде жариялай алды. Түркі интеграциясы транзит және көлік, экономика, экология, ғылым, білім, өнер, туризм, спорт мәселелерінен бастап қомақты гуманитарлық блокпен аяқталатын кең ауқымды ынтымақтастықты қамтиды», делінген.
Қазақстан ТМҰ қызметі аясында интеграцияны дамыта отырып, Ұйымның бастамашысы және негізін қалаушы мемлекеттердің бірі. Бұған түркі елдерінің бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған, сегіз басымдықты қамтитын «TURKTIME!» ұранымен қабылданған Қазақстанның ТМҰ-дағы төрағалығының бағдарламасы дәлел.
Фото: Сыртқы істер министрлігі
03 қазан 2024 ж. 361 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930