Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастарға мол мүмкіндік

Жастарға мол мүмкіндік

Жастарға мол мүмкіндікАлматы облысы – бүгінде жастар саны жөнінде республиканың жетекші өңірлерінің бірі. Былтырғы жылы облыста 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны 426 117 адамға жетті, бұл өңір халқының 27,7 пайызын құрайды. Облыстың жастар саясаты мәселелері басқармасы жастардың өмір сүру сапасын жақсарту, олардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік-экономикалық дамуды қолдауға қатысты түрлі бағдарламаларды атқарып келеді. Алматы облысы жастар саясатына инвестиция сала отырып, жастардың әлеуметтенуіне, кәсіби дамуына, шығармашылық қабілеттерін ашуға бағытталған маңызды жобаларды жіті қолға алып, жүйелі жүзеге асырады.
«Облыста жастардың білімі мен кәсіптік даярлығын арттыруға бағытталған 41 жоғары, арнайы оқу орны жұмыс істейді. Кәсіпкерлікке бағытталған «Бизнес бастау» жобасы жастарды өз ісін бастауға ынталандырады. Шағын несиелеу бағдарламалары арқылы 35 жасқа дейінгі жастарға 5 миллион теңгеге дейін қарыз беріледі. Енді өңір жас­тарына «Алатау жастары» тұрғын үй бағдарламасының арқасында баспаналы болуға мүмкіндік туып отыр», деді брифингте сөз алған облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Ахметов.
Алматы облысында «Отбасы банкімен» бірлесіп «Алатау жастары» тұрғын үй бағдарламасының іске қосылатындығы өңір жастарына серпін берері анық. Жоба 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) облыстың жас тұрғындарына жеке баспана сатып алуға жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді.
«Алатау жастары» бағдар­ламасы – жастардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға жасал­ған қадам ғана емес, жас отбасы­лар­дың өз үйі туралы армандарын жүзеге асыру мүмкіндігі. Жылжымайтын мүлік бағасының өсуін ескере отырып, мұндай бас­тамалар аймақтың әлеуметтік саясатында шешуші рөл атқарады. Бағдарламаны іске қосу жастарға тұрақтылық пен болашаққа деген сенімділікті арттыруға көмектеседі. Бағдарламаға қатысу – жайлы үй мен жайлы өмір сүру жағдайларын жасау мүмкіндігі, бұл әсіресе қазіргі қоғам жағдайында өте маңызды», дейді «Отбасы банк» АҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Анар Естияр.
«Алатау жастары» бағдарла­ма­сының шарттарына сәйкес қатысу­шы­лардың Алматы облысындағы ресми жұмыс өтілі бір жылдан кем болмауы тиіс. Оны міндетті түрде зейнетақы жарналарының тұрақты түсімі көрсетілген құжатпен растау қажет. Сондай-ақ өтініш берушінің, оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда аттарына тіркелген жылжымайтын мүліктері болмауы тиіс.
Жаңа тұрғын үй бағдар­ла­масына қатысу туралы өтініштер 1-15 қазан аралығында қабыл­да­нады. Үміткерлер Қонаев қаласы, 1 ш/а, №41, «Бәйтерек» БО, 1 қабат, акт залы мекенжайында облыс әкімдігінің ішкі саясат бас­қар­масына өтініш берулері қажет.
Өтініштерді қабылдау аяқ­талғаннан кейін әкімдіктен арнайы құрылған комиссия жиналған ұпайларына сәйкес бағдарламаға қатысушыларды іріктейді.
Ұпайлар қалай есептеледі?
– жұмыс өтілі – 1 жыл жұмыс өтілі – 2 балл, қалған әрбір жылға
1 балл (5 жылға дейінгі жұмыс өтілі ескеріледі);
– отбасылық жағдайы – тір­келген неке – 5 балл, тұрмыс құр­мағандар – 1 балл;
– 18 жасқа дейінгі балалардың болуы – бір бала үшін – 2 балл, екі, одан да көп бала үшін – 1 балл;
– мемлекеттік қызметшілер, бюд­жеттік ұйымдардың қызмет­кер­лері – 5 балл;
– жалдамалы пәтерді өтеу туралы келісімі бар бюджеттік ұйым­дар­дың қызметкерлері (көшіп келген, қабылданған мемлекеттік қызметшілер) –10 балл;
– депозитінде кемі 500 мың теңге салымы бар банк клиенттері – 2 балл.
Өтініштерді қабылдау аяқтал­ғаннан кейін қатысушылардың тізімі жасалып, «Отбасы банкіне» жібері­ле­ді. Қатысушылар жұмыс күндері сағат 10:00-18:00 дейін Қаскелең қаласы, Төле би көше­сі 50/1 немесе Іле ауданы, Өтеген батыр ауы­лы, Титов 13а мекенжайларындағы «Отбасы банкінің» бөлімшелерінде төлем қабілеттілігін бағалатулары қажет. Ізінше өз күштерімен бас­пана табулары керек. Оны сатып алуға банк 18 млн теңге несие береді. Егер мүліктің құны 18 млн тең­геден асатын болса, үміткер айыр­машылықты өз қаражаты есебі­нен төлей алады.
Бағдарлама қатысушылары бас­­­па­наны алғашқы нарықтан (пай­­далануға берілген болуы тиіс), сондай-ақ екінші нарықтан тұрғын үй (пәтер немесе жеке үй) сатып ала алады.
Алғашқы жарна 10% құрайды. Несиеге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%-ға тең (ЖТСМ 6,2% бас­тап 6,8% дейін). Несиенің мерзімі – 19 жылға дейін.
 
Алматы облысы 
02 қазан 2024 ж. 65 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031