№299 сайлау учаскесінде аудан әкімінің сайлауы жоғары белсенділікпен өтіп жатыр

Таңғы уақыттан бастап тұрғындар дауыс беру құқығын жүзеге асырып, өз таңдауларын жасап жатыр. Бұл белсенділік тек жергілікті биліктің ғана емес, тұтас қоғамның болашағына деген сенімділіктің белгісі. Қатысқан әрбір азамат өз даусымен ауданның әрі қарай дамуына ықпал етіп, жауапкершілік танытуда. Сайлауға қатысу – әрбір азаматтың құқығы ғана емес, өз өңірінің болашағына қосқан маңызды үлесі. Барлық сайлаушыларға осындай жоғары азаматтық белсенділік танытқандары үшін алғысымыз шексіз!
Осы ретте сайлаушыларымызға бауырсақ, әртүрлі сыйлықтар берілуде.