Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СІЗДІҢ ДАУЫСЫҢЫЗ МАҢЫЗДЫ!

СІЗДІҢ ДАУЫСЫҢЫЗ МАҢЫЗДЫ!

 Өздеріңіз білетіндей, 20 қараша күні елімізде үлкен саяси маңызды оқиға – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Қазіргі таңда Қазақ елі үлкен саяси науқанның алдында тұрмыз.Ауқымды міндеттерді ұлттық деңгейдегі жауапкершілік деп санауы бүкіл елдің арман мақсаты үшін маңыздылығы зор.

Бүгінде халыққа еркін таңдау жасауға толық мүмкіндік бар. Әрбір азаматтың сайлау алдындағы жауапкершілігі жоғары болғаны дұрыс.

Жақсы әрі жағымды жаңалықтар мен өзгерістер күте отырып мен алдағы Президент сайлауында өз таңдауымды жасап, дауыс беремін.

Сіздердің дауыстарыңыз – шешуші фактор екенін ұмытпауларыңыз қажет. Кезектен тыс Президент сайлауына аз уақыт ғана қалды. Халық саяси маңызды іс-шарадан шет қалмай, жауапкершілікті сезінсе Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі болмақ . Меніңше тәуелсіз қазақ елінің байрағы биікте желбіреуін және елінің дамуын алаңдайтын әр азамат сайлауға қатысады. Кезекті маңызды сәтте де сайлаушылар өз таңдауын жасауға дайын деген үміттенемін.

ӘРКІМНІҢ ДАУСЫ МАҢЫЗДЫ!

Айжамал Әбдіхамитқызы
Шиелі ауданының " Құрметтіазаматы”,Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

17 қараша 2022 ж. 488 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930