Сырбойылықтар сайлауға белсенді қатысты
10 қаңтар күні еліміз маңызды тарихи оқиғалардың табалдырығын аттап, өзінің жаңа тарихының тағы бір бетін ашты. Әрбір жаңа сайлау науқаны халықтың бірлігіне ықпал етіп, азаматтық ұстанымындағы қазақстандық бірегейлікті нығайтуға ынталандырғанын көрсетіп келеді. Бүгінде бізге тұрақтылық, қоғамның әл-ауқаты мен өркендеуі, ертеңгі күнге деген сенімділік қажет. Оны 10 қаңтар күнгі сайлаудағы халықтың белсенділігінен аңғаруға болады.
Депутаттарды сайлау бойынша дауыс беру Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерде құрылған 10 060 сайлау учаскесінде жүргізілді. Сайлау комиссиялары дауыс беру орны мен уақыты туралы дер уақытында ақпарат берді. Елорда уақытымен сағатт 08:00-де жағдай бойынша еліміздегі 9 994 сайлау учаскесінде және шет мемлекеттегі Қазақстан өкілдіктері жанындағы 17 сайлау учаскесінде дауыс беру науқаны жүрді. Конституциялық мерзімге сай өтіп жатқан Мәжіліс сайлауына елімізде тіркелген 5 саяси партия, атап айтқанда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Nur Otan» партиясы, «Adal» саяси партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Қазақстанның Халық партиясы» депутаттық мандаттан үмітті болды. Бұл партиялар барлық деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға да өз кандидаттарын ұсынған. Мәжіліске 5 партиядан барлығы 312 кандидат, оның ішінде «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан 19, «Nur Otan» партиясынан 126, «Adal» саяси партиясынан 16, «Ақ жол» 38, «Қазақстанның Халық партиясынан» 113 адам бар. Ал жергілікті мәслихаттарға 832 партиялық тізім тіркелген.

Шиелінің халқы бұл жолғы сайлауда ерекше белсенділік танытты. Аудан әкімі Қ.Мүбараков ең бірінші болып дауыс беруді бастады. Сонымен қатар 22 ауылдық округте де дауыс беру жұмыстары жүрді. Халықты белсенділік танытуға шақырғандардың бірі аудандық қоғамдық кеңес төрағасы П.Архабаев.
– Биылғы саяси науқанға мемлекеттік тіркеуден өткен 5 партия өкілдері қатысуда. Өздеріңіз білетін «Қазақстан Халық партиясы», «Nur Otan», «Ауыл», «Ақ жол», «Адал» партиялары сайлауға қатысуға бел буған екен. Олардың барлығының да сайлау алды бағдарламалары нақты мақсаттарға бағытталып жасалынған. Биылғы сайлаудың ерекшелігі пандемиямен қатар келіп отыр. Дауыс беруге келген халықтың қарасы қалың. Соған қарамастан азаматтарымыздың белсенділігі байқалады. Мен де өз таңдауымды жасап, мемлекетіміздің болашағына деген аздаған үлесімді қостым деген ойдамын. Елімізде болып жатқан айтулы оқиғаға қатысу – әрбір азаматтың азаматтық парызы. Сайлау учаскелеріндегі санитарлық талаптардың сақталып отырғандығын ескерсек азаматтардың денсаулығына ешқандай қауіп төнбейді деген сенімдемін. Аудан азаматтарына айтарым сайлауға келіп өз таңдауыңызды жасаңыз. Сіздің таңдауыңыз еліміздің жарқын болашағының кепілі – деді.
Халық күткен сайлау науқаны аяқталып, кеше Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау қорытындысын шығарды. Жалпы Қызылорда облысы бойынша 492 198 сайлаушы тіркелген. Бұл жалпы халықтың 60,7 проценті. Саяси науқанға 363 754 мың сайлаушы қатысып, дауыс берді. Яғни, қатысу көрсеткіші 73,90 процентті құрады. Бұл көрсеткіш бойынша республикада Солтүстік Қазақстан облысынан кейін екінші орында. Қызылордалық сайлаушылар «Nur Otan» партиясына – 74,46 %; «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясына – 9,40 %; «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясына – 8,70 %; «Қазақстан Халық партиясына» – 3,84 %; «ADAL» саяси партиясына – 3,6 % дауыс берген.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ