Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жарамазан айтатын бала қайда?

Жарамазан айтатын бала қайда?

Картинки по запросу музыкалық аспаппен ән айтқан балаБүкiл мұсылман жұрты үшiн ең ұлық ай боп есептелетiн рамазанның басталғанына да бiршама уақыт өттi. Рамазан болса – он екі айдың сұлтаны, ораза айы. Ал, оразаның не екенi, оның қайдан пайда болып, нендей себепке байланысты шыққаны мұсылмандыққа бет бұрған кез келген адамға белгiлi. Оған қоса, тек бұл айда ғана орындалатын дiни рәсiмдердiң барлығы да сол мұсылман жамағатына жақсы таныс. Сондықтан, оларды рет-ретiмен атап отыру да орынсыз. Десек те, бұрын осы ораза кезiнде орындалатын көп ғұрыптардың бірі – жарамазанды айтатын жандар азайып бара жатқан сыңайлы...
Рамазан айы енген сәттен көрші-қолаңды аралап, жарамазан айту дәстүрі басталатын. Көше бойлай тақпақтатып, әндетіп айқайлаған балалардың дауысы күн батып, қас қарайған сәтте әзер басылатын. Тамағымыз қарлығып, табан тоздырып шаршағанымызды да жомарт үй иесінің тарқатқан тәттілерінен кейін ұмытып кететінбіз. Мейіз, өрік, құрт кейде тиын-тебен ұстатып жібереді. Бұл әрине жоқшылықтан қайыр сұрап, тілену емес, керемет сәттердің тәтті кезеңдері болып есте сақталып қалды. Себебі, бүгінгі қасиетті мереке қарсаңында есік қағып, жарапазан айтқан балалардың қарасы әлі көрінбейді. Кейде елеңдеп есік алдына шығып қарайлап та қоямыз. Қалағанына әп сәтте қол жеткізіп, интернетке байланған баланың үйден шығып, жарамазан айтуы мүмкін ба өзі деп те ойланамыз арасында...
Ауыл балалары жиылып алып, үй-үйді аралап шығады. Онда тілекке, әзілге құрылған өлең жолдарын үйдегі үлкен ата-әжелеріміз бен көкелеріміз жаттатқызып қоятын. Есік алдында айқайлаған дауысымызды естіген үй иесі құр қол шықпайды. Алдымен, жарамазанды қайта айтқызып, кімнің баласы боласың, руың қандай?  деген сауалдардың астына алады. Содан соң барып, қолындағысын бәрімізге теңдей бөліп береді. Оның өзі бауырмалдыққа, достыққа үйретудің бір жолы сынды. Кейде бірімізге жетпей қалса, екіншіміз қолымыздағыны бөліп береміз. Осындай қасиетті, иманның шарттары, исламның парыздарын өлеңмен өрнектеп, уағыз-насихат айтатын рамазан айында әлеуметтік желілерде көпшілікті разы қылған екі әженің базарда айтқан жарамазан әні таңдай қақтырды. Бірі домбырамен сүйемелдесе, енді бірі әндете жөнеледі. Бейне бір жарамазан айтуды ұмытып кетпедіңдер ма дегендей, оюлы қамзолын киген әжелердің бұл ісі елді сүйсіндірді.
Жарамазан жырының түрлі нұсқалары бар. Әркім қалауынша өзгертіп те айтып жүр. Ал, техника дамыған бүгінгі күнде әнін жаздырып, құжат тасымалдағышпен музыкалық аспаптарға жүктеп, Жарамазан әнін әдемілеп жеткізіп жүргендерді де байқадық. Мысалы, әлеуметтік желіде Нұр-Мұқасан тобының «Құдаша қыз» әніне салып, жарамазанның жаңа нұсқасын орындаған қызды айтуға болады.
Жарапазан – қазақ ауыз әдебиетіндегі тұрмыс салт негізіне байланысты туындап, кең тараған өлең түрінің бірі. Ол, ораза ұсталатын Рамазан айында ғана орындалады. Жарамазанды жас-кәрісіне қарамай барлығы айта береді. Баяғы кезде жарапазан жыры бүкіл қазақ ауылы, қауымы боп айтылған болса, ал қазіргі кезде ол қолданыстан қалып бара жатқан ұлттық фольклордың бірі. Елімізде Рамазан айының қасиеті асқақтап, арамызда ораза ұстаушылар қатары жылдан жылға молаюда. Сондықтан, ата-бабамыздың бүгінге ауыз әдебиеті арқылы мұра боп жеткен Жарамазан жырын қайтадан жаңғыртып, оны жаңаша реңкпен де айтуға болады. Тек, ұмытылып кетпесе игі. Бұл да бір асыл дінге деген алғаусыз құрметтің нышаны емес пе?
Г.ДҮЙСЕБАЙ.
        
26 мамыр 2018 ж. 1 496 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031