Қоршаған ортаның тазалығын бақылайды
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының негізінде қоғамдық эко-бақылау бойынша республикалық іс-шара басталды. Бір ай бойы жүргізілетін акцияға 1,5 мыңнан аса адам қатысып, 300 мониторингтік іс-шараны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»
Тарихи-мәдени және туристік нысандардың экологиялық жай-күйі, көрікті орындарды абаттандыру, киелі орындардың күтіміне қатысты қолға алынған игі бастама 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін жалғасын таппақ. Қоғамдық эко-бақылау республикалық акциясының аясында апта сайын бірнеше тақырып қамтылмақ. Алдымен туристік және тарихи-мәдени нысандардың эко-мониторинг апталығы басталып, 22 тамызға дейін жалғасады. Одан кейін 23–30 тамыз аралығында абаттандыру, оның ішінде жасыл желектерді күту және суару саласындағы эко-мониторинг апталығы өтеді. Стихиялық полигондарды аралау шарасы 31 тамыз – 7 қыркүйек аралығында ұйымдастырылмақ. 8–15 қыркүйек аралығында жер қойнауын пайдалану нысандарына бақылау жүргізу апталығы ұйымдастырылмақ.
Жобаның мақсаты – халықты табиғатты қорғауға және оған ұқыпты қарауға тарту, күрделі мәселелердің түйінін тарқатуда азаматтық қоғамның белсенді мүшелерін тарта отырып шешуге күш салу. Жоба тарихи-мәдени және туристік объектілерді сақтау ісінде қоршаған ортаға ұқыпты қарау және әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруда маңызды қадам саналмақ. Бір ай бойы өтетін акцияға қоғамдық кеңес мүшелері, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ, «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстандық қоғамдық кеңестер қауымдастығы» РҚБ, «Қазақстанның экологиялық қоры» ҚҚ, «Әлеуметтік бастамалар қоры» ҚҚ өкілдері сынды 600-ден аса ҮЕҰ, эко-блогерлер, эко-еріктілер, азаматтық сектор, БАҚ өкілдері қатыспақ.
Ұйымдастырушылар акция аясында республика бойынша барлығы 1,5 мыңнан аса адамның қатысуымен 300 мониторингтік іс-шара өткізу жоспарланғанын жеткізді.
15 тамызда Астана қаласының маңындағы «Бозоқ» мұражай-қорығында, Алматы облысының көрікті мекені «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде, Түркістан облысының «Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығында қоғамдық мониторинг жүргізу шеңберінде айлық акция бастау алды.
Елорда іргесінде өткен акцияға «Қазақстандық қоғамдық кеңестер қауымдастығы» РҚБ басшысы Сәлімбай Шүнеев, Астана қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Зұлпыхар Ғайыпов, «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ жоба менеджері Сабина Сәбитова, «Қазақстанның экологиялық қоры» ҚҚ жобаларының үйлестірушісі Назерке Оралбекова қатысты.
«Мұндай тарихи-мәдени орындардың басында құрылыс жұмыстарын жүргізгенде табиғатты бүлдірмеуге, қоршаған ортаның флорасы мен фаунасын сақтауға барынша күш салуымыз керек. «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығын қалпына келтіріп, абаттандыру жұмысы басталған екен. Тарихи орын, бабаларымыздың тек көшпелі халық болмағанын, өркениеттің туын көтеріп қала салғанын әйгілейтін киелі мекеннің бірі – осы жер. Осындай тарихи орындарды қалпына келтіріп, өскелең ұрпаққа насихаттауымыз керек. Кейде құрылыс жүріп, жөндеу жасалғанда табиғатқа зиян келтіру дерегі де тіркеледі. Осындай келеңсіздіктің алдын алу мақсатында құрылған қоғамдық комиссия мониторинг жүргізеді», деді З.Ғайыпов.
Сонымен қатар ол мұражай-қорықтың аумағы қоршалып, күтімге алынғалы ауып кеткен жабайы аң-құс қайта жерсініп, табиғат түлей бастағанын да жеткізді.
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Қонаев қаласының қоғамдық кеңес төрағасы Сергей Горяной акцияға қатысса, Түркістан облысындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығында облыстық қоғамдық кеңес мүшелері Бақытжан Бейсембаев, Зуппархан Чалданов, Инара Намазбаева бастаған топ тарихи-мәдени ескерткіштердің сақталуына, туристік орындардың тазалығына бақылау жүргізді.