Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде «Таза Қазақстан» акциясына 1 миллионнан астам адам қатысты

Елімізде «Таза Қазақстан» акциясына 1 миллионнан астам адам қатысты

Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Жасыл аймақ» апталығы аясында бүкіл ел бойынша 330 мыңнан астам көшет отырғызылып, 500-ден астам саябақ мен алаң абаттандырылды.

Елімізде «Таза Қазақстан» акциясына 1 миллионнан астам адам қатысты
 Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанада Мемлекет басшысы волонтерлер, жастар ұйымдарының көшбасшылары, креативті индустрия және ғылыми зиялы қауым өкілдерімен бірге ағаш отырғызды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында 8-27 сәуір аралығында аймақтарда 5 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, оған 1 млн-нан астам адам қатысты.
29 сәуір мен 4 мамыр аралығында қарттар үйі, ардагерлер, жұмыс барысында қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы тұратын үйлер аумағын абаттандыруға бағытталған «Өнегелі ұрпақ» тақырыптық апталығы жоспарланып отыр.
Іс-шаралар Жамбыл облысында 29 сәуірге, Алматыда 30 сәуірге, Ақтөбе облысында 1 мамырға, Шымкентте 2 мамырға, Қостанай облысында 3 мамырға, Түркістан облысында және басқа өңірлерде 4 мамырға жоспарланған. Жастар ресурстық орталықтары, ұйымдар, волонтерлік қоғамдастықтар акция шеңберінде өткізілетін барлық іс-шараға белсенді қатысады.


28 сәуір 2024 ж. 712 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

№80 (9447)

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30