Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қостанайда полиция қызметкері тұрғындарға несие алғызған

Қостанайда полиция қызметкері тұрғындарға несие алғызған

Қостанайда полиция қызметкері тұрғындарға несие алғызғанҚостанай облысында алаяқтық жасаған полицей сотталды. Ауылдық полиция қызметкері өз атына несие алған ауылдастарын адастырған. Полицей бұл ақшаны бәс тігуге жұмсаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға Қостанай облысының Денисовский ауданында болды. Полиция капитаны 2022 жылдың қазан айынан 2023 жылдың маусым айына дейін ауылдастарын түрлі сылтаулармен екінші деңгейлі банктерден несие алуға көндірген. Ер адам бар ақшасын лотерея клубындағы ставкалар мен ойындарға жұмсаған. Келтірілген шығын көлемі 31 миллион теңгеден асады. Сотталушы өз кінәсін мойындап, жасаған қылмысына өкінетінін атап өтті. Десе де, іс бойынша жәбірленушілердің көпшілігі соттан оны бас бостандығынан айырмауды сұраған. Нәтижесінде сот оны 3 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа жүйесінде өтеуге үкім етті. Сонымен қатар сотталушы қызметіндегі дәрежесінен айырылған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
19 тамыз 2024 ж. 137 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930