Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада синтетикалық есірткі сақтаған адам бас бостандығынан айырылды

Қызылордада синтетикалық есірткі сақтаған адам бас бостандығынан айырылды


Қызылордада синтетикалық есірткі сақтаған 28 жастағы адам үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kazinform.

Қызылорда қаласының №2 сотында 28 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Одан өте үлкен мөлшерде синтетикалық есірткі табылған еді.

Сотталушы мамыр айында көпқабатты үйлердің жанындағы ағаштың арасынан бір дана қызыл жабысқақ таспаға оралған ұнтақ зат салынған пакетті тауып алғанын айтады. Одан кейін іздеуді жалғастырып, үш бумасын тауып алған.

«Табылған синтетикалық есірткі заттың жалпы салмағы – 2,14 грамм. Полиция қызметкерлері күдікті адамды қолға түсірді. Сот үкімімен сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік деңгейдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейді», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында 8 отбасы ата-ана құқығынан айырылды.
20 қазан 2023 ж. 213 0