Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 7 мәрте ұрлыққа түскен жасөспірім Шымкенттен табылды

Қызылордада 7 мәрте ұрлыққа түскен жасөспірім Шымкенттен табылды

Қызылорда облысында 17 жастағы жасөспірім жеті мәрте ұрлыққа түскен. Сот үкімімен ол енді екі жылға ерекше режимде ұстайтын білім ұйымына жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.2004 жылы дүниеге келген жасөспірім үйден, қоймадан, авткөліктен жеті мәрте ұрлық жасаған.Осыған байланысты облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды.
Жасөспірім ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 2,3-тармақтарымен кінәлі деп танылды.
Оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабына сәйкес тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасы шартты деп саналып, оған пробациялық бақылау белгіленген. Сондай-ақ, аталған кодекстің 84-бабының 1-бөлігінің 5) тармағының талаптарына сай кәмелетке толмаған сотталғанға қатысты екі жыл мерзімге ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыру түріндегі тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шарасы қолданылған. Үкім биыл 7 ақпанда заңды күшіне енген болатын. Үкімді орындаудан жалтарған жасөспірім тұрғылықты мекен-жайынан белгісіз бағытқа кетіп қалған. Қызылорда қаласының полиция басқармасының қызметкерлері іздестіру барысында оны Шымкент қаласынан тапты», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, қазіргі таңда ол Шығыс Қазақстан облысында орналасқан ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернатқа орналастырылды.
14 ақпан 2021 ж. 490 0