Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Балабақшаға жоқ баланы тіркеген»: Сарыағашта білім бөлімінің қызметкері сотталды

«Балабақшаға жоқ баланы тіркеген»: Сарыағашта білім бөлімінің қызметкері сотталды

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық білім бөлімінің бас маманы сотталды, деп хабарлайды turkystan.kz Отырар телеарнасына сілтеме жасап.

«Балабақшаға жоқ баланы тіркеген»: Сарыағашта білім бөлімінің қызметкері сотталды

Бас маман кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым құрғанСөйтіп, бөбекжай балабақшасына жоқ баланы тіркеп, мемлекеттен ақша алып отырған. Сонымен қатар балабақшаға жеңілдіктер мен артықшылықтар беріп, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, алдау жолымен аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырған деген күдікке ілінген. Меншікке қарсы және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған.
Әсет Серікбаев, Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы:
«Мемлекеттік айыптаушы айыпты қолдап, ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2)-тармағымен және ҚК-нің 364-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған түпкілікті 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуді белгілеуді сұраған».
Сотталушы ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен және 364-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-бабы 1 және 3-бөліктерін қолданып, жазаны түпкілікті өтеуге, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал кәсіпкерлік ұйымды құруға және жұмысын жүргізуге қатысқан екі азаматқа ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі, 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 63-бабын қолданып, тағайындалған бас бостандығынан айыру жазалары шартты деп есептелген. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
21 шілде 2024 ж. 152 0