Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбе облысында әкімді пышақтап өлтірген шаруа сотталды

Ақтөбе облысында әкімді пышақтап өлтірген шаруа сотталды


фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысында әкімді өлтірген ауыл тұрғыны сотталды, деп хабарлады «Мой город».

Бұл оқиға 2022 жылдың 11 желтоқсанында Ақтөбе облысының Алға ауданындағы Сарықобда ауылдық округінде болған. Жергілікті фермер мен әкім жанжалдасып қалған. Ішімдікке сылқия тойып алған тұрғын жанжал кезінде ауыл әкіміне пышақ сұғып алған.

Жәбірленушіден көп қан кетіп, алған жарақатынан қайтыс болды. Ал фермер абайсызда адам өлтіргені үшін жауапқа тартылды.

Ал кеше осы оқиғаға қатысты Алға аудандық соты үкім шығарды. Прокурор сотталушыны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ол өз кінәсін толығымен мойындап, өкінетінін де жеткізді. Судья фермердің кәмелет жасқа толмаған балаларының бар екенін де ескерді. Оған қоса, сотталушы жәбірленуші тарапқа 25 миллион теңге моральдық шығын төлеген. Алайда қылмысты мас халде жасағаны жазаны ауырлататын мән-жай болды.

Судья әкімді пышақтап өлтірген ауыл тұрғынын 8 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
18 шілде 2023 ж. 89 0

Соңғы жаңалықтар

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

08 желтоқсан 2023 ж.
Экономикада өсім бар

Экономикада өсім бар

08 желтоқсан 2023 ж.

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9157) 1-2

05 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 3-4

05 желтоқсан 2023 ж.

№95 (9156)

02 желтоқсан 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам