Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкентте педофилге кастрация жасалады

Шымкентте педофилге кастрация жасалады

ШÑмкенÑÑе педоÑилге каÑÑÑаÑÐ¸Ñ Ð¶Ð°ÑаладÑ
Шымкентте екі жеткіншек қызды зорламақ болған педофил сотталды. Қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондай-ақ аталған соттың үкімімен азамат А. ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 121-бабы 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді. Оған химиялық кастрациялау түрінде мәжбүрлеп емдеу шарасы қолданылатын болды.

Айта кетейік, сотталушы ағымдағы жылдың 2 мамырында күндізгі сағат 12:30 шамасында 9 жасар қызға күш қолданып, өлтіремін деп қорқытқан. Сөйтіп, баланы көп қабатты үйлердің бірінің артындағы өсіп кеткен бұталардың арасына күштеп апарып, жас балаға қатысты сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасамақ болған. Жеткіншектен үстіндегі киімін шешуді талап еткен. Сол уақытта жәбірленуші зорлықшының қолын жібергенін пайдаланып, оқиға орнынан қашып кеткен. Сол жерде өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұраған. Осылайша сотталушы өзінің қылмыстық пиғылын ақырына дейін жеткізе алмаған. Алайда ол онысымен қоймай, сол маңда келе жатқан 12 жасар қызды кездестіріп, оны күшік көрсетем деп алдаған. Оның да қолынан ұстап, өлтіремін деп қорқытқан. Зорлық әрекеттерін жасауға оқталған кезде жәбірленуші көмек шақырып айқайлаған. Сол жерде жүрген адамдар оқиға орнына келіп, сотталушыға қылмыстық әрекетін ақырына дейін жеткізуге кедергі жасаған. Олар оны ұстап, полицияға тапсырған болатын. Сот барысында айыпталушының қылмысы толығымен дәлелін тапқан.

24.kz
29 шілде 2019 ж. 529 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031