Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕРІКТІ ӨРТ СӨНДІРУ ҚҰРАЛЫМЫНА АРНАЛҒАН ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

ЕРІКТІ ӨРТ СӨНДІРУ ҚҰРАЛЫМЫНА АРНАЛҒАН ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

Жиделіарықта ерікті өрт сөндірушілерді өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру, өртке қарсы іс-шаралар мен әрекеттерді практикалық түрде үйрету мақсатында оқу-жаттығу ұйымдастырылды.


 

Оқу жаттығуға бекітілген 17 ерікті, әкімдік өкілдері, ТЖД өкілі, дәрігер, учаскелік полиция инспекторы қатысты.

ТЖД өкілі еріктілерді өрт қауіпсіздігі ережелерімен, ерікті құралымның міндеттері, мақсатымен таныстырды.

Дәрігер алғашқы медициналық көмек туралы, УПИ өртке қарсы профилатикалық іс-шаралар, сондай-ақ, ерікті құралымның жұмысын заңнамалық реттеу туралы айтып өтті.

Оқу-жаттығу теориялық және тәжірибелік деп аталатын екі бөлімнен тұрады.

Теориялық бөлімде еріктілер өрт түрлері мен олардың сипаттамасы, өрттің пайда болу себептері, өртке қарсы негізгі ережелер мен іс-шаралар, өрт сөндіру құралдары мен жабдықтарын пайдалану ережелері, төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат алса, тәжірибелік бөлімде өртке қарсы күрестің негізгі әдістерін көрсету, өрт сөндіру құралдарын пайдалану: күрек, айыр, шелек (құм, су тасу), құтқару және эвакуациялау тәсілдері, өрт қауіпсіздігі дабылын беру және эвакуациялау жоспары, өрт сөндіру құралдарын пайдалану бойынша жаттығу туралы тәжіибе жинақтады. Жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-тың гранттық қолдауымен жүзеге асады.

14 тамыз 2024 ж. 234 0