Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Отандық фармацевтика өндірісінің көлемі 95 млрд теңгеге дейін өсті

Отандық фармацевтика өндірісінің көлемі 95 млрд теңгеге дейін өсті

Отандық фармацевтика өндірісінің көлемі 95 млрд теңгеге дейін өстіБүгін Үкімет отырысында отандық фармацевтикадағы компанияларды қолдау шаралары қаралды. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндады, деп хабарлады Egemen.kz.

«2024 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша отандық фармацевтикалық өнім өндіру көлемі 95 млрд теңгеге дейін ұлғайды, өсім 14,5%-ды құрады», деді Ақмарал Әлназарова.
Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда 35 қазақстандық өндірушімен 4 мыңға жуық фармацевтикалық өнім түрін жеткізуге 94 ұзақ мерзімді шарт жасалған. Үш жыл ішінде ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде толық көлемге кезең-кезеңмен шығу жоспарланған.
Сондай-ақ жыл соңына дейін өзге 24 отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттардың жасалуы арқылы 1 412 дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жеткізілуі қарастырылып жатыр.
«Дәрілік заттарды сатып алу кезінде отандық өндірушілер үшін преференциялар белсенді пайдаланылады. Мәселен, осы тетікті пайдалана отырып, биылғы алты айда 29,5 млрд теңгеге 196 дәрі-дәрмек түрлері жеткізілді», деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.
 

13 тамыз 2024 ж. 150 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (9295)

21 сәуір 2025 ж.

№27 (9294)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (9293)

13 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930