Атырауда Жастар күні он күн қатарынан тойланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жалынды жастар еліміздегі оң өзгерісті қозғаушы күшіне, мықты тірегіне айналуы керек екенін атап өтті. Жастар күні жыл сайын ерекше ұйымдастырылып, кең көлемде тойланып келеді. Жергілікті атқарушы орган мұндай шараларды әрқашан қолдайды. Нәтижесінде креативті әрі отансүйгіш жастардың қатары одан сайын арта береді деп сенемін, - деді Нұржан Ермұханов.
Фестиваль аясында қала тұрғындары мен қонақтарына Jeltoksan, Adil, Dosekesh сынды қазақ эстрадасының жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті. Айта кетейік, Жастар күні қарсаңында «Kilen myqty» командалық ойыны,«Шабақтарды сақтайық» экологиялық акциясы, «Атырау Quest» зияткерлік жарысы, «Стоп граффити» заңсыз есірткі жарнамасын жою шарасы, «Жас отбасылар» отбасылық конкурсы, «Ұлттық Cover» жас музыканттар байқауы, «Атырау жастарының Алтын кітабы» және тағы да басқа жиындар ұйымдастырылды. Онкүндік 20 мың жасты қамтыды.