Жастар апталығы жалғасуда
12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай облыс көлемінде ауқымды шаралар өткізілмек. Бүгінде аймақ бойынша атаулы датаға орай жастар апталығы жалғасуда.
Атап айтсақ, 5 тамыз – «Жастар апталығының» ашылу күні, 6 тамыз – «Экомәдениетті дамыту күні», 7 тамыз – «Таланттар күні», 8 тамыз – «Еңбек күні», 9 тамыз – «Балаларға қуаныш сыйлау күні», 10 тамыз – «OPEN AIR», 11 тамыз – «Спорт күні», 12 тамыз – «Мүмкіндіктер және инновациялық идеялар күні» болып белгіленген. Бұл атаулы күндердің барлығы жастардың рухани азық алуына және салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған. Бұдан бөлек, облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Кинотаим», «ЖазғыFEST», «Бір толқында», «TabooArt», «Мінбер» сынды мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіледі.

Одан бөлек, 7-10 тамыз аралығында облыс көлемінде «Кеңес орталығы» жобасы жүргізіледі. Былтыр осы орталықта алты мыңға жуық жас кеңес алған болатын. Сондай-ақ осы жылы «Бір толқында» деп аталатын жаңа жобаның тұсауы кесілмек. Мұнда жас депутаттар мен жастар арасында еркін форматтағы кездесу ұйымдастырылатын болады.
Іс-шаралар тізбегі мұнымен тоқтап қалмайды. Мәселен, 10-12 тамыз аралығы «Ауыл жастары» күні деп белгіленіп, қалаға қарасты кент және ауылдық округтерде мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар биылдан бастап қала әкімінің «Самғау» жастар сыйлығы кәсіптік маман иелеріне 10 түрлі бағыт бойынша табысталатын болады.
«Өскен өңір» ақпарат