Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадыраев елге оралды

Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадыраев елге оралды

Париж Олимпиадасына қатысқан ұлттық құрама спортшыларының тағы бір легі елге оралды. Олардың арасында ел қоржынын күміс медальмен толықтырған Демеу Жадыраев та бар.
Демеу Жадыраевты Алматы әуежайында Алматы облысы әкімдігі, жақындары мен жанкүйерлері, журналистер, Қорғаныс министрлігіне қарасты орталық спорт клубының өкілдері сән-салтанатпен қарсы алды.  Айта кетейік, ол алғашқы жекпе-жегінде эквадорлық Джейр Куеромен белдесті.  Айта кетейік, ол алғашқы жекпе-жегінде эквадорлық Джейр Куеромен белдесті. Аса тартысты өткен жарыста Демеу Жадыраев 8:0 есебімен жеңіске жетті.
Ширек финалда екі дүркін әлем чемпионы, Токио ойындарының күміс жүлдегері қырғызстандық Ақжол Махмудовтан 3:1 есебімен басым түсті. Ал жартылай финалда әзербайжан жігіті Санан Сулеймановты 6:1 есебімен жеңді. Финалында отандасымыз 77 келі салмақта қарсыласы жапониялық Нао Кусакадан жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Демеу Жадыраев биыл 34 жаста.
10 тамыз 2024 ж. 174 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930