Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Грек-рим күресі: Демеу Жадыраев Олимпиаданың финалына шықты

Грек-рим күресі: Демеу Жадыраев Олимпиаданың финалына шықты

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен 77 келі салмақта Демеу Жадыраев жартылай финалда қарсыласын ұтып, финалға шықты. Ол жартылай финалда әзербайжан жігіті Санан Сулеймановпен кездесті. Нәтжесінде қазақ балуаны қарсыласын 6:1 есебімен айқын ұтты. Осылайша Демеу Жадыраев париж олимпиадасының финалына шықты.
27 жастағы Сулейманов 2022, 2023 жылдардағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2020 жылғы Еуропа чемпионатының жеңімпазы. Ал Демеу биыл 34 жаста. 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Азия чемпионатында бірнеше мәрте жүлдегер атанған спортшы. Былтырғы әлем чемпионатында Санан Демеуден 5:1 есебімен басым түскен еді. Міне, енді оған Париж төрінде есе қайтарды.
Естеріңізге сала кетейік, Демеу Жадыраев ширек финалда екі дүркін әлем чемпионы, Токио ойындарының күміс жүлдегері қырғызстандық Ақжол Махмудовпен белдесіп, 3:1 есебімен басым түсті. Осылайша Демеу Жадыраев Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты. Финалдық кездесулер 7 тамызға жоспарланған. Айта кетсек, грек-рим күресінен ел құрамасында Демеуден басқа Айдос Сұлтанғали (60 келі), Әлімжан Сыздықов (130 келі), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) бар. 5 тамызда Айдос Сұлтанғали алғашқы белдесуінде Қырғызстан мықтысы Жоламан Шаршанбековке есе жіберді. Ал Әлімжан Сыздықов алдымен румыниялық Алин Алексус-Циурариуден басым түсіп, одан кейін әзербайжандық Сабах Шариатиден ұтылды. Сондай-ақ, Париж Олимпиадасында еркін күрестен Азамат Дәулетбеков (86 келі), Әлішер Ерғали (97 келі) және Юсуп Батырмырзаев (125 келі) ел намысын қорғайды. Күрес түрлерінен жарыстар 5-11 тамыз аралығында өтеді.
07 тамыз 2024 ж. 103 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930