"Өзбек халқына деген ықыласымыз". Астанада Әлішер Науаиге арналған ескерткіш ашылады
Бұл туралы Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақ-өзбек достығының алтын көпірі - мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық. Оны жан-жақты дамыту өте маңызды. Екі елдің серіктестігі ежелден жалғасып келе жатқан бауырластықтан бастау алады. Бүгін Астанада өзбек халқының ұлы перзенті, ойшыл ақын Әлішер Науаидың ескерткісі ашылады. Бұл қазақ жұртының өзбек халқына деген ерекше ықыласының белгісі. Әлішер Науаиді күллі түркі жұрты қадір тұтады. Оның мұрасын барша адамзаттың рухани қазынасы деп санайды, - деді Мемлекет басшысы. Бұған дейін ел басшысы қазақ-өзбек саудасын қысқа уақыт ішінде бес миллиард долларға жеткізуге болатынын айтқан еді.