Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БИЫЛ – ӨЗБЕКСТАН ЖЫЛЫ

БИЫЛ – ӨЗБЕКСТАН ЖЫЛЫ


2018 жыл Қазақстанда Өзбек­стан жылы деп жарияланды. Бұл тура­лы өткен жылдың соңында Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан прези­денті Шавкат Мирзиеевпен Астана, Ташкент сапарлары кезінде болған шағын және ке­ңейтілген құрам­дағы келіс­сөздерден кейін мәлім­деген болатын.

«Өзбек халқы – біздің жақын көршіміз, Орталық Азиядағы үлкен мемлекеттердің бірі. Сондықтан Өз­бекстанмен байланыс біз үшін қашанда маңызды. Келесі жыл Өзбекстанның Қазақстандағы және Қазақстанның Өзбекстандағы жылы деп жарияланады» деген Н.Назарбаев қос мемлекеттің арасындағы сауда айналымын арттыруға айрықша мән берді.
– Өткен жылы екі елдің арасындағы сауда айналымы екі есе өсті. Біз Өзбек­станның жаңа президенті Шавкат Мирзиеевпен бірге бұл көрсеткішті 5 миллиардқа дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз, – деді ол.
Қазір Қазақстан мен Өзбекстан арасын­дағы тауар айналымы – 1,5 млрд доллар. Былтыр Астанада өткен бизнес-форум кезінде қос мемлекет арасында құны 840 млн доллар болатын келі­сімдерге қол қойылған. Сарап­шы­лардың айтуынша, бұл 2020 жылға дейін Өзбекстан мен Қазақ­станның сауда әріптестігін жаңа деңгейге көтеру мақсатының уақытынан бұрын орын­далатынына деген сенімді күшейтеді әрі көршілес елдерді Орталық Азиядағы үдемелі дамудың драйверіне айнал­дырады.
Екі елдің мәдени бауырластығын жаң­ғыртып, экономикалық байла­ныс­тарын нығайта түседі деп күтілген жыл ресми түрде 15 наурыздан басталады. Бұл ақпарат Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтем­баевтың «Өзбеккино» ұлттық агенттігінің басшысы Фуркат Зокировпен кездесуі барысында белгілі болды. Қазақстан өкілі Өзбекстан жылы 2018 жылы 15 наурызда Астана қала­сында өтетін Орта Азия басшыларының саммитінен бастау ала­тынын хабарлады. Осыған орай елі­міздің ірі қалаларында өзбек фильм­дерінің көр­сетілімдерін ұйым­дастыру туралы ұсыныстар айтылды. Кездесу кезінде тамырлас екі ел кино­матография саласында күш біріктіріп, тарихи туындылар, деректі фильмдер түсіруді қолға алуға назар аударылды. «Өзбеккино» ұлттық агенттігі басшысының орынбасары Шухрат Ризаевтың пікірінше, Қазақ­станда өзбек фильмдеріне, ал Өз­бекстанда қазақ кинотуындыларына деген сұраныс бар. «Сондықтан көрер­меннің талғамына сай көрші мемле­кеттердің тарихи тұлғалары туралы кинокартиналар дайындау өткенді ұлықтап, бүгінгі байла­ныстарға серпін беріп, болашаққа дұрыс бағдар жасауға көмектеседі» деді ол.
15 наурыз 2018 ж. 1 584 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930