Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЖИІ ҰША БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЖИІ ҰША БАСТАДЫ


Әуе компаниялары былтырмен салыстырғанда 22% көп жолаушы тасымалдады. Жолаушылар айналымы 30% көтерілді.

Қазақстандағы әуе компаниялары белсенді дамып келе жатыр. Әуе тасымалының табысы жылына 27% ұлғайды. 2017 жылдың қорытындысы бойынша 295,6 млрд теңгеге жетті. Бұл – көлік компаниялары жиынтық табысының 12,5%. 2016 жылы аталған көрсеткіш 10,5% болған.
Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары Қазақстандағы әуе көлігінің дамуына жаңа серпін берді. Себебі, Air Astana және америкалық Air Lease Corporation компаниясы арасында Airbus NEO секілді 10 әуе көлігінің операциялық лизингін қарастыратын келісімшарт жасалды. Бұдан басқа, Air Astana мен International Aero Engines арасында болашақта Airbus NEO әуе кемелерінің қозғалтқыштарына техникалық қызмет көрсетуге келісімшарт жасасу үшін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Air Astana – Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА) мүшесі. 2018 жылы ИАТА-ға Scat және Qazaq Air компаниялары кіреді.
Өткен жылы әуе компаниялары 7,4 млн жолаушы тасымалдап, көрсеткішті 22,4% ұлғайтты. Жолаушылар айналымы 29,9% көбейді.

Вaq.kz
 
07 ақпан 2018 ж. 1 131 0